Шарттық азаматтық-құқықтық қатынастарда кінәні анықтаудың тәжірибелік аспектілері
Қаралымдар: 65 / PDF жүктеулері: 63
Кілт сөздер:
кінә, шарттық азаматтық-құқықтық қатынастар, кінәлілік презумпциясы., кінә,, шарттық азаматтық-құқықтық қатынастар, кінәлілік презумпциясыАңдатпа
Азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі міндеті азаматтық айналымның тұрақтылығын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қорғау болып табылады. Келісілген шарттық міндеттемелердің орындалмауынан немесе тиісті дәрежеде орындалмауынан зардап шеккен азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге мүмкіндіктері болуы тиіс. Осы орайда қолданыстағы ҚР АК-де көрініс тапқан бұзылған азаматтық құқықтарды қорғау механизмдері аталған мақсатқа жетудің маңызды құралы болып табылады. Зерттеудің мақсаты - шарттық азаматтық-құқықтық қатынастарда кінәні анықтаудың жаңа тәсілдерін және маңыздылығын белгілеу. Мақалада шарттық азаматтық-құқықтық қатынастар бойынша сот шешімдеріне талдау жүргізілді. Талданған сот шешімдері негізінде шарттық азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің көптеген нысандары үшін, келтірілген зиянды өтеуден басқа, құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік) пен кінә сияқты екі элементтен тұратын құқық бұзушылықтың қысқартылған (формальді) құрамы тән екендігі және бұл құрамда зиян міндетті элемент болып табылмауы да мүмкін екендігі анықталды.