Қазақстан Республикасында ішкі көші-қон үдерісін құқықтық реттеу
Қаралымдар: 194 / PDF жүктеулері: 372
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-140-3-8-20Аңдатпа
Көші-қон қазіргі әлемнің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Барлық елдердегі сияқты Қазақстанда да ішкі көші-қон үдерісі үнемі реттеуді қажет етеді. Қазақстанда ішкі көші-қонды құқықтық реттеуді жетілдіру мемлекеттік көші-қон саясатының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Көші-қон үдерісін зерттеу бірыңғай қағидаларға яғни, ішкі, сыртқы, заңды және заңсыз көші-кон ағындарын анықтайтын факторларға негізделіп жүргізіледі. Мақалада, Қазақстан Республикасында ішкі көші қон үдерісін мемлекеттік реттеу қағидалары мен басымдықтарын көрсететін негізгі нормативтік құжаттарға талдау жасалды. Қазақстанға бірыңғай ғылыми негізделген, теңдестірілген және нақты мемлекеттік ішкі көші-қон бағыты қажет. Қазақстанда халық тығыз қоныстанған аймақтардан жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аударудың ерікті қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондықтанда, ішкі көші-қон үдерісін жан-жақты зерттеу заң ғылымының басты міндеті болып табылады.