Азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттырудағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 243
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-139-2-19-37Аңдатпа
Қазіргі қоғам талаптарына сай азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру мемлекет алдындағы негізгі басым бағыттардың бірі десек болады. Себебі, азаматтар арасындағы мемлекет тарапынан қабылданған заңдарды білмеушілік, заңнамаларда айқындалған өз құқықтары мен міндеттерін жете түсінбеу, заңға деген құрметсіздік құқықтық нигилизмнің пайда болуына және әртүрлі сипаттағы қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтардың орын алуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл өз кезегінде мемлекеттегі құқықтық саясатты, азаматтардың құқықтық санасын арттыру мәселесін қайтадан қарастыруды қажет етеді. Жалпы қоғамда тыныштық пен құқықтық тәртіптің орнығуы ең алдымен сол қоғам мүшелерінің құқыққа деген оң көзкарасының нәтижесі болып табылады. Құқықтық сана неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым қоғамда құқық бұзушылықтың динамикасы төмен болады және мемлекеттегі құқықтық тәртіп жүйесі нығая түседі. Сондықтан құқықтық сана және құқықтық мәдениет ұғымдарының мәнін анықтай отырып, қазіргі таңдағы елімізде азаматтар арасында құқықтық сананы арттыру бағытында жүргізіліп жатқан мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің тиімділігін анықтау, нәтижелеріне талдау жасау бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып саналады.