Конституциялық және әкімшілік әділет жүйесі азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудің тиімді тетігі


Қаралымдар: 156 / PDF жүктеулері: 219

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-8-20

Кілт сөздер:

конституциялық құқық,, конституциялық бақылау, абсолютті құқықтар, адам құқықтары, кепілдіктер, Конституциялық Сот, әкімшілік әділет

Аңдатпа

Аннотация. Мақала Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы негізінде азаматтардың конституциялық құқықтарын конституциялық және әкімшілік юстиция арқылы қамтамасыз ету мәселелеріне арналған. Мақаланың мақсаты конституциялық бақылау органының (қазіргі Конституциялық Сот) және мамандандырылған әкімшілік соттардың қазіргі дамуын талдау мен аталған институттар арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау ерекшеліктерін көрсету. Бұл мәселені зерттеуде формальды құқықтық әдіс арқылы – конституциялық әділет органы мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың актілеріне құқықтық талдау жасалып, адам құқықтары бойынша теориялардың қалыптасуы мен оның практикаға енгізілуі негіздері, механизмдері, нысандары баяндалады.
Қазақстанның құқықтық саясат концепциясы құқық жүйесінің дамуының бағыттары мен жүйелі жұмыстарын көрсетсе, «адамға бағдарланған» басымдықтар заңнама мен мемлекеттік қызметте адам құқықтар мен бостандықтарын барынша қорғау мен табиғи құқықтық негіздерге сай болуын қажет етеді. Осы процессте елімізде жаңадан құрылып отырған Конституциялық Сот органы нормативті қаулыларымен бірге казуалды қаулылары арқылы азаматтың құқықтарын нақты істерде (конституцияға сәйкестігі бойынша) түсіндіріп, бағалап, конституциялық реттеу жолын көрсетеді. Ал әкімшілік әділет арқылы атқару билігі мен азаматтың арасындағы бұқаралық дауларда адам құқықтарының қорғалуы сипатталып, сот төрелігінің теориялық-тәжірибелік негіздері беріледі. 

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бақтыбеков, М. ., Майшекина, Э. ., & Есенжолов, Н. . (2023). Конституциялық және әкімшілік әділет жүйесі азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудің тиімді тетігі. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 143(2), 8–20. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-8-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи