Қазақстан Республикасында жасанды интеллект пен блокчейн-технологияларды интеграциялаудың құқықтық реттелуі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-156-3-92-104Кілт сөздер:
жасанды интеллект; блокчейн-технологиялар; цифрлық активтер; смарт-келісімшарт; алгоритмдік ашықтық; алгоритмдік біржақтылық; азаматтық-құқықтық жауапкершілік; цифрлық кодекс; автономды жүйелер; цифрлық экожүйелер; құқықтық реттеуАңдатпа
Мақалада қазіргі заманғы цифрлық құқықтық жүйені қалыптастыру контексінде Қазақстан Республикасындағы жасанды интеллект пен блокчейн-технологияларды құқықтық реттеуге кешенді талдау жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» Заңы, «Цифрлық активтер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қарастырылып, олардың автономды алгоритмдік шешімдерді, цифрлық активтерді және смарт-келісімшарттарды реттеудегі тұжырымдамалық тәсілдері талданады. Зерттеуде ерекше назар жасанды интеллект жүйелерінің автономдылығы жағдайында жауапкершілікті бөлу мәселелеріне, таратылған тізілімнің өзгермейтіндігі мен азаматтық-құқықтық қорғау институттарының арақатынасына, сондай-ақ алгоритмдік ашықтық пен кемсітпеу мәселелеріне аударылады. Зерттеу ұлттық заңнаманы жүйелі талдауға негізделген және халықаралық тәсілдерді, оның ішінде OECD қағидаттарын және жасанды интеллектті реттеудің еуропалық моделін қамтиды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы жасанды интеллект пен блокчейн-технологияларды олардың технологиялық және құқықтық өзара байланысында қарастыру болып табылады, бұл интеграцияланған цифрлық экожүйелерді реттеудің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде құқықтық тетікті жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді: жауапкершіліктің көпдеңгейлі моделін енгізу, алгоритмдік аудитті дамыту, «цифрлық реституция» рәсімдерін бекіту және автономды жүйелерді пайдалану тәуекелдерін сақтандыру.




