АВТОРЛАР МЕН РЕЦЕНЗЕНТТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

2026-10-21

Құрметті авторлар мен рецензенттер!

Ғылыми жарияланымдарды рецензиялау сапасын, ашықтығын және жеделдігін арттыру, сондай-ақ Open Journal Systems (OJS) платформасында редакциялық үдерістердің тиімділігін және редакция мен рецензенттер арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ету мақсатында «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Құқық сериясы» ғылыми журналы электрондық пошта мекенжайларын пайдалану тәртібі туралы хабарлайды.

Рецензенттерге төмендегі талаптарды сақтау ұсынылады:

  1. OJS платформасында тіркелу және жұмыс істеу кезінде университеттердің, ғылыми ұйымдардың және өзге де ресми мекемелердің корпоративтік электрондық пошта мекенжайларын пайдалану (@enu.kz, @edu.kz, @kaznu.kz және т.б.).
  2. Корпоративтік электрондық поштаны пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, жүйелік хабарламаларды тұрақты қабылдау үшін Gmail (@gmail.com) сервисін пайдалану.
  3. @mail.ru, @yandex.ru, @bk.ru, @inbox.ru, @list.ru және басқа да жалпыға қолжетімді пошта сервистерінің мекенжайларын редакциямен негізгі байланыс арнасы ретінде пайдаланбау.
  4. Қажет болған жағдайда OJS платформасындағы жеке профильде көрсетілген электрондық пошта мекенжайын қолданыстағы корпоративтік поштаға немесе Gmail мекенжайына ауыстыру.

Авторларға редакциядан келетін хабарламаларды уақтылы алу үшін өзекті және тұрақты жұмыс істейтін электрондық пошта мекенжайларын көрсету ұсынылады.

Аталған талаптарды сақтау редакциялық үдерістердің тиімділігін арттыруға, жүйелік хабарламалардың уақтылы жеткізілуіне және ғылыми жарияланымдарды рецензиялау сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Құрметпен,
«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Құқық сериясы» журналының редакциясы