Азаматтық сот ісін жүргізуде уақыт ысырабынан келтірілген залалды өндіріп алу мәселелері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-83-96

Кілт сөздер:

ақылға қонымды мерзім, азаматтық процесс, уақыт ысырабы, залал, моральдық зиян, тиімді құқықтық қорғау, сот менеджменті

Аңдатпа

Бүгінгі таңда азаматтық сот ісін жүргізуде уақыт ысырабынан келтірілген залалды өндіріп алу, сот талқылауының негізсіз созылуы өзекті мәселелерінің бірі болып келеді. Автор азаматтық сот ісін жүргізуде іске қатысатын тұлғалардың өз заңды мүдделері мен құқықтарын сот арқылы қорғалу құқығының тиімділігі мен істерді қараудың ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылуы қағидаларына талдау жасайды.

Азаматтық сот ісін жүргізудің шамадан тыс созылуы (уақыт ысырабы) тұлғалардың материалдық және материалдық емес мүдделеріне тікелей ықпал етеді: мәмілелердің үзілуі, айналым қаражатының тоқтауы, инфляциялық шығын, қосымша сот шығыстары, іскерлік беделдің төмендеуі, психологиялық күйзеліс және құқықтық айқындықтың жоғалуы. Мақалада уақыт ысырабы салдарынан келтірілген залалды өндіріп алу мәселелері азаматтық-құқықтық жауапкершілік, азаматтық процестегі кепілдіктер және халықаралық «ақылға қонымды мерзім» стандарттары призмасы арқылы зерттеледі.

Қазақстандық құқықтық кеңістікте тікелей «процестің шамадан тыс ұзақтығы үшін арнайы өтемақы» институтының шектеулілігі жағдайында залалды өтеудің ықтимал модельдері ұсынылады: (1) құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік) ретінде бағалау арқылы деликттік жауапкершілік; (2) моральдық зиянды өтеу тетіктерін нақтылау; (3) процестік мерзімдер мен сот менеджменті арқылы алдын алу. Зерттеу нәтижесінде құқық қолдануды біріздендіру және арнайы компенсаторлық құрал қалыптастыру жөнінде ұсынымдар беріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Асылбекова, А. ., Тапакова, В. ., & Жумагулов, М. . (2026). Азаматтық сот ісін жүргізуде уақыт ысырабынан келтірілген залалды өндіріп алу мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 154(1), 83–96. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-83-96

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық құқық. Азаматтық процесс