Теңге қаншалықты қорғалған?
Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 98
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-146-1-9-19Кілт сөздер:
жалған ақша, валюта, банкноттар, ақша айналымы, қорғаныш элементтері, құқықтық реттеуАңдатпа
Жалған валютаның таралуы ұлттық және әлемдік экономикалық жүйелеріне елеулі қауіп төндіреді. Теңге, салыстырмалы түрде жаңа валюта, 1993 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ретінде қолданысқа енгізілді. Берілген мақалада теңгені қолдан жасаудан қорғау мәселелеріне баса назар аударылды. Атап айтқанда, бұл қылмыстың Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдары тарапынан қудалауы және құқықтық реттелуі, банкноттардың қорғаныш қасиеттерінің жеткіліктілігі және халыққа жалған ақшаны анықтауға арналған білім беру бастамалары сыни тұрғыдан талданды. Сонымен қатар, теңгенің қорғаныш элементтеріне визуалды талдау жүргізіліп, талдау негізінде теңге жалғандықтан жеткілікті деңгейде қорғалған деген тұжырым жасалды. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі заңнаманың оң тұстары мен құқық қорғау органдарының жалған ақшаны таратуға қарсы жұмысы, сондай-ақ банкноттардың көптеген қорғаныс элементтерімен жабдықталуы ұлттық валютаның қорғаныс кепілдері болып табылады. Дегенмен, жалған ақшаны анықтау бойынша халық арасында ағартушылық жұмысты кеңінен жүргізу керектігі туралы ерекше атап өтілген. Берілген мақалада қарастырылған мәселелер жалған теңгенің алдын алуға және қарсы күрес жүргізуге бағытталған стратегиялардың ақпарат көзі ретінде қолданыла алады.