Омбудсмен (адам құқықтары жөніндегі уәкіл) институтының мемлекеттік билік жүйесіндегі орны
Қаралымдар: 140 / PDF жүктеулері: 142
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-38-48Кілт сөздер:
адам құқықтары мен бостандықтары, омбудсмен институты, құқықтық мәртебе, мемлекеттік билік, мемлекеттік органАңдатпа
Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар жүйесінде омбудсмен институты маңызды рөл атқарады. Мақалада, мемлекеттік билікті бөлу теориясы контекстінде мемлекеттік органдар жүйесіндегі омбудсменнің (Адам құқықтары жөнінідегі уәкіл) құқықтық ерекшеліктері туралы мәселе қозғалады. Сондай-ақ, омбудсмен институтының түсінігі мен мәні ашылып, оның мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны талданады. Қазіргі заманда мемлекеттерде жұмыс істейтін омбудсмен институтының үш үлгісіне: атқарушы, тәуелсіз және парламенттік сипаттама беріледі. Мақаланың мақсаты – ұлттық заңнамаларда белгіленген нормаларға сүйене отырып, омбудсмен институтының құқықтық мәртебесін зерделеу арқылы мемлекеттік билік жүйесінде орнын айқындау болып табылады. Омбудсмен институтының қалыптасу және даму тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері атап өтілді. Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен институтының зерттеу әдістері сипатталған. Сонымен қатар, 5 қараша 2022 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Констиуциялық Заңының баптары негізгі алына отырып, омбудсмен (Адам құқықтары жөніндегі уәкіл) құқықтық жағдайы сипатталады.