ЕАЭО жағдайында сақтандыру заңнамасын үйлестірудің құқықтық негіздері


Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 64

Авторлар

  • М. Баян Тұран университеті
  • Д.А. Оспанова Тұран университеті
  • O.А. Плоцкая Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-171-182

Кілт сөздер:

сақтандыру заңнамасын үйлестіру, сақтандыру қызметі, сақтандыру нарығы

Аңдатпа

Мақала шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше елдердің заңнамасын үйлестіруге байланысты Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) сақтандыру заңнамасын трансформациялау мәселелері қаралады. ЕАЭО заңнамасына сәйкес ЕАЭО шеңберінде ортақ қаржы нарығын қалыптастыру жоспарлануда. Осыған байланысты банк саласындағы қоғамдық қатынастарды, сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілер бірыңғай сәйкестікке келтірілетін болады.  ЕАЭО шеңберінде жасалған шарттық міндеттемелерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан сақтандыру заңнамасын жетілдіруде. Автор сақтандыру заңнамасын үйлестірудің нормативтік құқықтық базасын жинақтап, ҚР сақтандыру заңнамасын жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасады.  

ЕАЭО-да сақтандыру заңнамасын үйлестірудің құқықтық негізін талдау ҚР сақтандыру заңнамасын жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындау үшін маңызды. ҚР сақтандыру заңнамасын ЭЫҰ-ға мүше елдердің тиісті заңнамасымен үйлестіру кезінде сақтандыру саласындағы ұлттық саясатты ескеру қажет. Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары субъектілерінің: сақтандырушылар мен сақтанушылардың мүдделері басым тәртіппен қойылуы тиіс. Бірыңғай сақтандыру нарығын Еуразиялық интеграцияның құрамына кіретін әрбір елдің мүдделері сақталған жағдайда ғана қалыптастыру қажет. Тек осы жағдайда ғана бірыңғай сақтандыру нарығын, атап айтқанда, бірыңғай Қаржы нарығын қалыптастыру ЕАЭО экономикасын табысты дамыту үшін тиімді болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Баян, М., Оспанова, Д., & Плоцкая O. (2023). ЕАЭО жағдайында сақтандыру заңнамасын үйлестірудің құқықтық негіздері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 145(4), 171–182. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-171-182

Журналдың саны

Бөлім

Статьи