Жұмысқа қайта алу туралы істер бойынша дәлелдеу нысанасы
Қаралымдар: 170 / PDF жүктеулері: 500
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-140-3-60-71Аңдатпа
Мақалада жұмыс берушінің қызметкерді заңсыз жұмыстан шығаруы салдарынан жұмысқа қайта алу туралы істерді қарау кезінде сот зерттеуге тиісті негіздеме нысанасының және талап етілетін дәлелдердің кейбір ерекшеліктері талданады. Жоғарғы Соттың құқықтық ұстанымдарын талдау негізінде, автор еңбек дауларының санатын дұрыс, толық, объективті және жан-жақты қарау үшін, жұмысқа қайта алу туралы істер бойынша дәлелдеуді талап ететін фактілерді анықтауға нақты көзқарас қалыптастырудың объективті қажеттілігі бар екенін анықтайды. Заңнамада ҚР ЕК-мен көзделген еңбек шартын бұзу негіздерінің әрқайсысы бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды нақты көрсету қажет. Мұндай мән-жайлардың нақты айқындылығы ғана сот төрелігінің мақсатына -азаматтық істерді әділ, бейтарап және уақтылы қарау мен шешуге қол жеткізуге ықпал ететін болады. Осы құжатта «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы №9 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу және онда дәлелдемелер мен дәлелдеу туралы кейбір ережелерді жеке тармақпен көрсету ұсынылған.