Билер соты мен ақсақалдар кеңесі Қазақстандағы медиацияның тарихи алғышарты ретінде
Қаралымдар: 46 / PDF жүктеулері: 14
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-148-3-89-104Кілт сөздер:
медиация, бітімгершілік, татуласу, құн, билер соты, билер кеңесі, ақсақалдар кеңесі, дау-дамайАңдатпа
Қазақ тарихында қоғамдағы түрлі конфликтілерді билер соты мен ақсақалдар кеңесі көмегімен шешу дәстүрі болды. Билік институттарының осы түрлері халыққа ең жақыны болды. Өйткені олардың қызметі әділдік, халықтық және адамгершілік идеологиясына негізделді және оның түп мақсаты дауласушы жақтарды татуластыру, бітімгершілікке жетелеу болып табылды. Әр би мен ақсақал істі шешу барысында тартысушы тараптарға толықтай әділдік көрсетуді өзінің киелі борышы санаған. «Дау мұраты – бітім» көшпелі қазақ қоғамындағы билер сотының негізінде жатқан басты қағидалардың бірі болып табылды. Бұл өз кезегінде қазіргі Қазақстандағы медиацияның басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Мақалада қазіргі медиация мен осы екі дәстүрлі институттардың бітімгершілік пен татуластыру қызметімен тарихи сабақтастығын анықтауға талпыныс жасалады. Билер соты мен билердің бітімгершілік пен татуластыруға бағытталған қызметін анықтайтын түрлі ғалымдардың жазбасына және тарихи мұрағат материалдарына шолу жасалды. Сондай-ақ қазақ қоғамындағы ежелден билік институтының бірі болып табылатын ақсақалдар кеңесінің қызметінің ерекшеліктері де анықталады. Қазіргі уақыттағы осы дәстүрлі институттардың жаңғыртылу барысында атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасалды.