Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құрудың құқықтық
Қаралымдар: 63 / PDF жүктеулері: 54
Кілт сөздер:
үкімет, индустриялық аймақ, экономикалық аймақ, жоба, инвестицияларАңдатпа
: Осы бапта арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау жүргізілді. "Арнайы экономикалық" және "индустриялық" аймақтар сияқты ұғымдарға анықтама берілді. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру ережелері мен тәртібіне салыстырмалы талдау жүргізіліп, олардың жұмыс істеуінің жалпы ерекшеліктері мен басты сипаты белгіленді. Арнайы экономикалық аймақтар Үкіметтің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында құрылатыны анықталды, бұл оның мәртебесін және оның аумағында жобаларды іске асыру үшін жауапкершілігін едәуір арттырады. Индустриялық аймақты құрудың мақсаты инвестицияларды тарту болып табылады, бірақ жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде Қазақстан Республикасының белгілі бір өңірін дамытуға және индустриялық аймақ аумағында жобаларды іске асыруға тиісті облыс әкімі жауапты болады.
Талдау жүргізе барысында индустриялық аймақтардың жұмысы мен жұмыс істеуін ұйымдастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының жетілмегендігі анықталды. Өңірлік сипаттағы индустриялық аймақ жобасының тұжырымдамасын қарау тәртібін реттейтін заңның формальды нормасын алып тастау ұсынылды.
Жұмыстың мақсаты арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру негіздерін зерделеу және талдау, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін қарастыру, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың осы саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.