Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу жағдайында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық тетігінің ерекшеліктері


Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 8

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-148-3-139-160

Кілт сөздер:

ұлттық қауіпсіздік, ұлттық мүдделер, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетігі, Еуразиялық экономикалық одақ, ұлттық қауіпсіздікке төнетін сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер

Аңдатпа

Мақалада Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушысы ретінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетігінің қызмет ету мәселелері зерттеледі. ЕАЭО-ның өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы ретіндегі қызметі оның мүше мемлекеттері экономикаларының дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Сонымен бірге, бірыңғай экономикалық кеңістік, жалпы сыртқы кедендік шекара, Одақтың ұлттықтан жоғары органдарының құзыреті оның қатысушыларының ұлттық қауіпсіздігіне сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлердің туындауына алып келеді. Қазақстанның одаққа мүшелігі жағдайында ұлттық (мемлекетішілік) ғана емес, сонымен қатар халықаралық (ЕАЭО деңгейінде) деңгейлерде де қамтамасыз етілетін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің пәрменді тетігінсіз осы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге тиімді қарсы іс-қимыл жасау мүмкін емес.

Зерттеу барысында ЕАЭО-ға мүшелік жағдайында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық тетігі туралы түсінік қалыптастырылды, оның базалық элементтеріне жүйелі және кешенді талдау жасалынды, ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін осы тетіктің қызмет етуіндегі кемшіліктер анықталды.

Авторлар интеграциялық процестерге қатысу контекстінде ұлттық мүдделерді сақтау мақсатында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетігін жетілдіру жөнінде ұсынымдар ұсынды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Умитчинова, Б., & Мензюк, Г. (2024). Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу жағдайында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық тетігінің ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 148(3), 139–160. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-148-3-139-160

Журналдың саны

Бөлім

Статьи