Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс жасау: бірлескен оңалту іс-шараларының фундаменталды сұрақтары


Қаралымдар: 36 / PDF жүктеулері: 39

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-114-124

Кілт сөздер:

теологиялық оңалту жұмысы, истік және террористік қылмыстары үшін сотталғандар, түрме субмәдениеті, діни экстремизм идеологиясы, азаматтық қоғам

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі мекеме-леріндегі діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселесін қарастырады. Авторлар экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандарды теологиялық оңалтуды реттеудің құқықтық аспектілерін зерттейді. Жүргізілген зерттеу негізінде авторлар сотталғандарды теологиялық оңалтуда жүйелі тәсілді қамтамасыз ету және осы процеске азаматтық қоғам ұйымдарын тарту қажеттілігі туралы қорытынды жасайды. Зерттеудің мақсаты ретінде экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту бойынша тиімді шараларды анықтау болып табылады. Ғылыми мақаланы жазу кезінде әртүрлі зерттеу әдістері қолданылды, нәтижесінде зерттелетін мәселені жан-жақты ашуға мүмкіндік берді. Неғұрлым толық зерттеу үшін экстремистік және террористік қылмысқа қатысты ақпаратты қамтитын статистикалық және эмпирикалық материалдарға талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде авторлар құқық қорғау органдарының, атап айтқанда түзеу мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің тарапынан қолданылатын шаралардың тиімділігі туралы қорытынды жасайды, олардың қызметі түзеу мекемелеріндегі экстремистік және террористік әрекеттерге байланысты қылмыстар үшін сотталғандарды бейімдеу процесіне бағытталған. Зерттеу қорытындысында түзеу мекемесінде қайта әлеуметтену процесінде жүрген адамдармен теологиялық оңалту жұмысын жетілдіруге бағытталған бірқатар тиімді шаралар келтіріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аюбаев, М., Сматлаев, Б., & Мадиев, К. (2024). Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс жасау: бірлескен оңалту іс-шараларының фундаменталды сұрақтары. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 147(2), 114–124. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-114-124

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)