Қазақстан Республикасында атқарушы билікті жүзеге асыру саласындағы заңдылық


Қаралымдар: 73 / PDF жүктеулері: 69

Авторлар

  • Қайрат Балабиев Central Asian Innovation University
  • Уалихан Ахатов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Меруерт Муратханова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

ұлттық заңнама, заңдылық, атқарушы билік органдары, өкілеттіктер, орталықсыздандыру, жергілікті басқару, цифрландыру, бірлескен іс-әрекет

Аңдатпа

Мақалада атқарушы билік ұйымдары қызметінің заңдылығын сақтау, өкілеттіктерін заңнамалық қамтамасыз етумен қатар, жүзеге асыру қағидаттарына сәйкестендіру мәселелері қарастырылады. Ұлттық заңнамада белгіленген құқықтық ережелердің орындалуын қамтамасыз етуге міндеттелген өңірлік  атқарушы ұйымдары қызметінің сипаты мен мазмұны зерттеледі. Атқарушы органдардың іс-әрекеті заңға тәуелді актілерді қабылдай отырып, құқық шығармашылық және ұйымдастырушылық қызметті қатар атқаратындығы аталады. Өкілеттіктердің мұндай әлеуеті атқарушы билік органдарының қызметінде заңдылық қағидатын сақтаудың өзектілігін анықтайды. Жергілікті басқару органдарының мәселелерді шешуде басқа билік органдарымен бірлесе отырып, әрекеттерді жүзеге асыруы заңдылық принципін сақтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік билік органдарын цифрландыруды жалғастыру атқарушы билік органдарында сыбайлас жемқорлыққа, құқықтық бұзушылықтарға жол бермеуге және ұлттық заңнама ережелерін, заңдылық принциптерін сақтауға және жүзеге асыруға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Балабиев, . К. ., Ахатов, У., & Муратханова, М. (2024). Қазақстан Республикасында атқарушы билікті жүзеге асыру саласындағы заңдылық . Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 146(1), 187–201. Retrieved from https://bullaw.enu.kz/index.php/main/article/view/374

Журналдың саны

Бөлім

Статьи