Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы халықаралық-құқықтық реттеу мен шет елдердің практикасын салыстырмалы талдау: нормативтік және практикалық тәсілдерді интеграциялау


Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • Дамир Дигай І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Дания Нұрмұханқызы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Бауржан Таубаев І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Кілт сөздер:

ақпарат, ақпаратқа қол жеткізу, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, сөз бостандығы, ақпаратты тарату, цифрландыру

Аңдатпа

Мақалада ақпаратқа қол жеткізу саласындағы халықаралық-құқықтық реттеу мен шет елдердің тәжірибесін салыстырмалы талдау мәселесі қарастырылған. Оның мақсаты халықаралық деңгейде де, әртүрлі елдерде де қол жеткізу құқықтарын қамтамасыз етудегі нормативтік және практикалық тәсілдердің нормативтік құқықтық актілерін талдау, оларды қолдану практикасын және ондағы нормалардың іске асырылуын мониторингілеу тетіктерін қамтитын негізгі бағыттармен қалай үйлесетінін зерттеу болып табылады.

Зерттеу ақпаратқа қол жеткізуді реттеуге қолданылатын тәсілдердегі айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айқын түсінуге көмектесетін  ғылыми және практикалық мәнге ие әрі заңнаманың осы аспектісін күшейту бойынша ұсыныстарды әзірлеуге негіз бола алады. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, құқықтық догматика және құқық қолдану практикасын талдау қолданылды.

Мақала барысындағы негізгі тұжырымдар жаһандық стандарттарға қарамастан, ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асыру ұлттық контекске байланысты айтарлықтай өзгеретінін көрсетті. Нәтижесінде біздің қорытындыларымыз ұлттық нормативтік-құқықтық база мен практиканы әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибені есепке алуға басымдық берілу керектігін дәлелдеді.

Аталмыш мақала ақпаратқа қол жеткізуге қатысты халықаралық, ұлттық нормативтік және практикалық механизмдерді жүйелі талдауды ұсынуымен бағалы. Сонымен қатар, зерттеудің практикалық нәтижесін мамандар әртүрлі елдердегі ақпаратқа қол жеткізу ережелері мен тәжірибесін жақсарту үшін пайдалана алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дигай D., Нұрмұханқызы D., & Таубаев B. (2024). Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы халықаралық-құқықтық реттеу мен шет елдердің практикасын салыстырмалы талдау: нормативтік және практикалық тәсілдерді интеграциялау. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 146(1). Retrieved from https://bullaw.enu.kz/index.php/main/article/view/379

Журналдың саны

Бөлім

Статьи