«Contra proferentem» термині шарттарын түсіндірудің құқықтық негізі
Қаралымдар: 48 / PDF жүктеулері: 37
Кілт сөздер:
Қазақстан, Contra proferentem, Азаматтық құқық, соттар, адам құқықтары, азаматтық-құқықтық шарттар, қағидаттар, шешімдерАңдатпа
Қазақстан Республикасы құқықтық тәжірибесінде азаматтық-құқықтық келісім шартты «contra proferentem» қағидасын қолдана отырып қазіргі қолданыстағы құқықтық нормаларымен түсіндіру мүмкіндігі жоқтығына назар аударылды. Қазақстан Республикасының құқықтық әдебиеттерде, экономикасы дамыған батыс елдердің құқықтық жүйедегі «contra proferentem» қағидасымен шартты түсіндіру ережесінің қазіргі нарықтық қоғамның даму тенденцияларын ескеретін арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. Мұндай жағдайда «contra proferentem» қағидасы шарт талаптарын түсіндіру процесін реттейтін шетелдік құқық нормаларын және оны қолдану практикасын сыни талдау өзекті болып табылады. Мұндай талдау батыс елдерінің құқықтық нормаларын қолдану тәжірибесінің мысалдарында ұсынылған. Отандық сот практикасын шолу кезінде азаматтық-құқықтық шартты түсіндіруге қатысты, атап айтқанда, белгісіз және екіұшты мағына беретін шарттардың мазмұнын белгілеуге байланысты көптеген мәселелер Қазақстан Республикасы соттарының алдында тұрған проблема деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы соттарының тәжірибесінде мұндай тәсілдер әлі әзірленбегенін мойындау керек. Сол үшін отандық құқық жүйесіндегі азаматтық-құқықтық келісімшарт мазмұнын түсіндірудегі олқылықты толтыру үшін бұл зерттеу жобасы шетелдік тәжірибеге негізделеді.
Мақалада авторлар кешенді түрде еліміздегі азаматтық-құқықтық келісім шарттық талаптарын түсіндіру институтына «contra proferentem» қағидасын құқықтық тұрғыдан талдайды және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді.