Жасанды интеллектіні Арбитражда қолданудың перспективалары


Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 85

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-188-197

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, сот өндірісі, сот тәжірибесі, арбитраж, автоматтандыру

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының Арбитражында жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерін қолдану мүмкіндіктері мен проблемаларына яғни: сот сараптамасын, аналитикалық-ұйымдастырушылық жұмысты, сот шешімдерін шығаруды, құқық нормаларын түсіндіру мен талдауды және де сот шешімдерінің қабылдануы мен орындалуын бақылауға арналған. Зерттеу барысында Ұлыбританияның, АҚШ-тың және Нидерландының сот жүйелерінде жасанды интеллект жүйелерін қолданудың шетелдік тәжірибесі талданды. Сонымен қатар, сот ісін жүргізуде жасанды интеллекті қолданудың үш негізгі бағыты анықталды. Тәжірибеде жасанды интеллектіні қолданудың негізінде Еуропалық этикалық хартияның сот және құқық қорғау жүйесінің заңнамасынында пайдалану зерттеушілердің болжамы бойынша пайдаланудың жағымды және жағымсыз салдарына алып келетіндігі анықталды. Оған қоса, сот өндірісінде жасанды интеллектіні қолдану сот жүйесінің жұмысын оңтайландыруға, субъективті көзқарастың, сыбайлас жемқорлықтың және орын алуы мүмкін сот қателігінің алдын алуға болатындығы және де тәуекел қажет екенідігі айқындалды. Оларға: жасанды интеллектінің этикалық қағидаларын сақтау, жасанды интеллект жүйесімен жасалған сот шешімдерінің жариялылығы мен тексерілетіндігін қамтамасыз ету мүмкін болмайтындығы, олардың заң жүзінде бекітілмейтіндігі және құқық талаптарының, жеке ақпаратты қорғаудың сақталмайтындығы жатқызылады. Қорытындыда Арбитражда жасанды интеллектіні енгізудің теріс әсерін болдырмау бойынша ұсынымдар берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурахметова, Г., Сапарбекова, Ж., & Сулейменова, С. (2024). Жасанды интеллектіні Арбитражда қолданудың перспективалары. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 147(2), 188–197. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-188-197

Журналдың саны

Бөлім

Статьи