Жоғары технологиялар саласында қылмыс жасау кезінде криптовалюталарды пайдалану ерекшеліктері
Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 49
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-230-241Кілт сөздер:
интернет, анонимді желілер, криптовалюта, blockchain, сервер, шифрлау, майнинг, транзакцияАңдатпа
Бүгінгі күні құқық қорғау органдары үшін күрделі мәселе ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтар қылмыстарды дайындау және жасау үшін, сондай-ақ криптовалюталарды пайдалана отырып, оларды қауіпсіз қаржыландыру үшін белсенді түрде пайдаланатын интернеттің анонимді сегменттері деп аталатын қауіптер болып табылады. Зерттеу нәтижелері ғылыми және практикалық тұрғыдан бұл сала нашар зерттелгенін және жан-жақты зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. Бұған дейін бізге осы қауіп-қатерлермен бетпе-бет келген және қазіргі уақытта жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың пәрменді әдістемелерін әзірлеп жатқан елдердің озық шетелдік тәжірибесі маңызды іргетас бола алады. Осы бағыттағы әртүрлі материалдарды талдау оларды ашу әдістемесінің элементтерін көрсетеді, олар тиісті жүйелеу кезінде қазақстандық жағдайларға бейімделуі мүмкін және құқық қорғау органдары тарапынан пәрменді қарсы іс-қимылға ықпал ететін болады.