Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарын сайлауында қолданылатын сайлау жүйелерін талдау
Қаралымдар: 126 / PDF жүктеулері: 62
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2021-137-4-20-27Кілт сөздер:
сайлау құқығы, сайлау жүйесі, көпшілік сайлау жүйесі, пропорционалды сайлау жүйесіАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезіндегі сайлау жүйелерін талдауға арналған. Автор Қазақстандағы сайлау рәсімін реттейтін ҚР заңдарын, көптеген нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу негізінде сайлау заңнамасының эволюциясына зерттеу жүргізді. 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңы елеулі өзгерістерге ұшырады, олар саяси жүйені демократияландыру процесіне және мажоритарлық сайлау жүйесінен Парламент Мәжілісі депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесіне біртіндеп көшуге байланысты болды. Мақалада автор монографиялық әдебиеттерді, шет елдердің тәжірибесін зерттеуге сүйене отырып, пропорционалды сайлау жүйесінің ерекшеліктерін зерттейді. Пропорционалды жүйенің ашық және жабық түрлерінің айырмашылықтары анықталды, бұл партиялық тізімдерді қалыптастыру тәсілдеріне, сондай-ақ партиялық тізімдердің әртүрлі нысандарын ескере отырып, сайлаушылардың дауыс беру мүмкіндіктеріне байланысты. Мақалада автор Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау кезінде сайлау жүйелерін жетілдіру туралы өз көзқарасын ұсынады.