EDITORIAL POLICY
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Хабаршысы. Құқық сериясы»
Журналдың мақсаты – заң ғылымдары саласында мұқият іріктеліп алынған түпнұсқа еңбектерді басып шығару.
Журнал міндеттері:
- ғалымдарға, оқытушыларға, докторанттарға, магистранттарға заң ғылымдары саласындағы теориялық, қолданбалы және практикалық маңызы бар іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялауға, отандық және әлемдік қоғамдастықты ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелері туралы ақпараттандыруға мүмкіндік беру;
- Қазақстан Республикасының заң кадрларын даярлау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
- халықаралық кеңістіктегі жаңа идеяларды біріктіру және оларды талқылау үшін ғылыми платформаны қамтамасыз ету;
- журналдың редакциялық алқасының журнал бойынша мақалалар құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес авторлармен жүйелі жұмыс жүргізуі арқылы ел ішінде ғылыми мақалалардың деңгейін көтеру;
- Қазақстанды дүниежүзілік ғылыми кеңістікке заң ғылымдары бойынша енгізу (оның ішінде ғылыми метрикалық мәліметтер базасына енгізу арқылы);
- білімнің тиісті салаларындағы жетекші ғалымдар мен сарапшыларды тарту арқылы жоғары ғылыми стандарттарды сақтау;
- мақаланы редакциялық өңдеу мерзімін қысқартуға және журналға материалдарды жіберудің икемді кестесін қолдауға ұмтылу;
- қазақстандық ғалымдарды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа интеграциялау;
- журналды «ашық қолжетімділік» (Open access) ғылыми басылымы ретінде дамыту;
- журналдың халықаралық деректер қорында және ашық электронды ресурстарда болуын кеңейту;
- журналдың шетелдік оқырмандар үшін қолжетімділігін арттыру – ағылшын тілінде зерттеудің мәні (Abstract), түйін сөздер (Keywords) туралы жан-жақты жариялау және латын әліпбиіндегі әдебиеттер тізімін қайталау (References).
Тақырыптық бағыты: мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы, азаматтық құқық, еңбек құқығы, халықаралық құқық және құқықтың басқа да салалары.
Басылым тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Мерзімділігі: жылына 4 рет.
Ашық қолжетімділік саясаты. Зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік жалпы білімнің артуына ықпал етеді деген қағидаға негізделген журнал мақалалары барлығына тікелей қолжетімді (мақалалар мұрағатына сілтеме https://bullaw.enu.kz/).
Мұрағаттау. Ғылыми журналдың электронды нұсқалары қорды қалыптастыру және электронды кітапханаға енгізуге «ҰМҒТСО» АҚ ұсынылады. Журнал Elibrary.ru базасында материалдарды мұрағаттауды жүргізеді.
Жариялау шарттары. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Хабаршысы. Құқық сериясы» журналының редакциясына түскен барлық қолжазбалар міндетті анонимді рецензиялаудан өткізіледі. Алынған рецензиялардың негізінде журналдың редакциялық алқасы қорытынды шешім қабылдайды.