Қазақстан үшін аса жылдам байланысты (5G) пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы машина құрастыруды құқықтық реттеудің халықаралыққұқықтық және шетелдік озық тәжірибесі
Қаралымдар: 111 / PDF жүктеулері: 147
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-142-1-211-224Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, 5G, цифрландыруды құқықтық реттеу, роботтандыру, байланыс, Заттар интернеті, деректер беруАңдатпа
Өте жылдам жұмыс жасайтын мобильді технологиялар біздің өмірімізге тез еніп келеді. Бесінші буын 5G ұялы байланысы осы технологияларды одан әрі дамытудың негізгі факторы болып табылады. Ұсынылып отырған мақалада ауылшаруашылық машина жасаудағы 5G технологиясын дамытудың халықаралық озық тәжірибесі және оны реттеудің құқықтық мәселелері туралы айтылады. Мақала авторы 5G Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл әлемде дамуы үшін халықаралық іскерлік қатынастың маңыздылығын атап өтеді. Мақалада сондай-ақ 5G саласының қолданыстағы құқықтық мәселелері талқыланады және құқықтық сипаттағы болашақ сын-тегеуріндердің пайда болуын болжауға әрекет жасалды. Зерттеудің негізгі әдісі 5G байланысын дамыту бойынша шетелдік озық тәжірибені салыстырмалықұқықтық талдау әдісі болды. Аталмыш мақаланың басты міндеті – сарапшылар мен заң шығарушы орган мамандар шеңберін телекоммуникациялық технологиялар әлемінде болып жатқан жаһандық тенденциялармен және олардың экономиканың салаларына әсерімен таныстыру болып табылады.