Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету


Қаралымдар: 197 / PDF жүктеулері: 196

Авторлар

  • А.Қ. Жұмаділов Alikhan Bokeikhan University, Семей, Қазақстан
  • Э.С. Майшекина Alikhan Bokeikhan University, Семей, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-126-134

Кілт сөздер:

құқық, әлеуметтік кәсіпкерлік, құқықтық қамтамасыз ету, құқықтық реттеу, құқық нормалары, кәсіпкерлік субъектілері

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз етуді қолданудың маңызды мәселелері, әсіресе, Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық реттеудің конституциялық және әкімшілік нормалары зерттеледі. Конституциялық және әкімшілік реттеу мәселелері мынадай елеулі мәселелерге қатысты, атап айтқанда: Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету ұғымы, ерекше көңіл, оның мазмұны мен жүйесін зерттеуге бағытталған. Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету ішіндегі құқықтық байланыстарды зерделеу маңызды болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру мәселелері бойынша бірқатар көрнекті ғалымдардың пікірлері көрсетілген. Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз етуді реттеу кезінде конституциялық және әкімшілік нормаларды қолдану, жалпы кәсіпкерлік заңнаманы қолданудың мазмұны туралы мәселе ерекше орын алады. Осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында әлеуметтiк кәсiпкерлiктi тиiмдi құқықтық қамтамасыз ету және оның бұзылуын болдырмау үшiн жағдай жасау керектiгiн көрсету қажет етеді. Заңнамада құқықты бекіту жеткіліксіз болып табылады. Қазақстан Республикасында әлеуметтiк кәсiпкерлiктi құқықтық реттеудi iске асыру көптеген факторларға, оның iшiнде заңсыз сипаттағы факторларға байланысты, алайда экономикалық мәселелер заңмен реттелген сайын жеке адамның өз құқығын iске асыруы соғұрлым оңай болады. Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету конституциялық құқық нормаларының ғана емес, сонымен қатар құқықтың басқа да салаларын бірізгілендіруді қажет етеді. Әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету үшін басымдықтардың бірі жалпы кәсіпкерлік саласын құқықтық реттеуді ретке келтіру болуы керек, өйткені онсыз бұл тетікті іске асыру да, оны қорғау да мүмкін емес.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жұмаділов, А. ., & Майшекина, Э. . (2023). Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 143(2), 126–134. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-126-134

Журналдың саны

Бөлім

Статьи