XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық трибуналдардың қазіргі халықаралық әділсот жүйесін қалыптастырудағы рөлі


Қаралымдар: 136 / PDF жүктеулері: 65

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-217-229

Кілт сөздер:

халықаралық трибунал, Югославия, Руанда, зорлау, геноцид, әскери қылмыстар, әскери қақтығыс

Аңдатпа

Мақалада бұрынғы Югославия мен Руанда бойынша Халықаралық қылмыстық трибуналдардың қызметі мен тәжірибесі қарастырылады. 1991 жылы бұрынғы Югославия аумағында азаматтық соғыс басталды, ал 1994 жылдан бастап Руандадағы ауқымды геноцид басталды. Бұл екі оқиға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қылмыскерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін «Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибунал» және «Руанда бойынша халықаралық трибунал» құру туралы шешіміне құқықтық негіз болды. Екі трибуналдың мақсаты әскери қақтығыстар кезінде адамзатқа қарсы қылмыстар мен геноцид құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру арқылы сот төрелігін жүзеге асыру болды. Алайда, трибуналдар өз қызметінде уақыт пен аумақтық шеңбермен шектелді, бұл әскери қылмыстарды жоспарлау мен дайындау кезеңдерін қамтуға мүмкіндік бермеді. Мақалада зорлау сияқты қылмыстың түрі қарастырылады.  «Руанда бойынша халықаралық трибунал» әскери қақтығыстар жағдайында жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуді геноцид ретінде анықтаған алғашқы сот болды. Мақалада екі халықаралық трибуналдың жарғылары, олардың кейбір ережелер бойынша ұқсастықтары талданады және салыстырылады. Сонымен қатар, екі халықаралық трибуналдың қызметіне қатысты, оның қызметі барысында және аяқталғаннан кейін пайда болған сыншыларға назар аударылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бишманов, К. ., Амиров, Н. ., & Аралбаева, А. . (2025). XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық трибуналдардың қазіргі халықаралық әділсот жүйесін қалыптастырудағы рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 153(4), 217–229. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-217-229

Журналдың саны

Бөлім

Статьи