Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершілік


Қаралымдар: 37 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-148-3-175-190

Кілт сөздер:

жануар, үй жануарлары, әкімшілік жауапкершілік, қылмыстық жауапкершілік, жануарға қатыгездікпен қарау, азаматтық жауапкершілік

Аңдатпа

Мақалада қазіргі Қазақстан құқығындағы жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жауапкершілікке тартуға байланысты өзекті мәселелер қарастырылады. Осыған байланысты жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда жануарға қатысты құқықбұзушылықтар құбылысының өзін зерттеу қажеттілігі туындап отыр.

Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасының қазіргі құқықтық жүйесіндегі жануарлармен қарым-қатынастың құқықтық режимін зерттеп, жануарға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік түрлерін анықтау, жануарды қатегездік көрсетуден қорғауды құқықтық бақылау, жануарлардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі ережелерді және қолданыстағы заңнамаларды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау.

Зерттеудің міндеттері шетелдік заңнамаларға және сот тәжірибесіне, ғалымдардың ой-пікірлеріне сүйене отырып, құқықбұзушылықтардың түрлеріне сипаттама беру және қолданыстағы заңнамаларды жетілдіруге өзіндік авторлық тұжырымдар беру.

Авторлар жануарлардың құқықтық жағдайын талдаудан бастап, жануарларға деген көзқарастан тек заттар ретінде қарамауды, керісінше оларға азап пен эмоцияны сезінуге қабілетті тіршілік иелері ретінде тануға, үй жануарларын ұстау ережелерін бұзған жағдайда, басқалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін болған жағдайда қоғамдық қатынастардың осы саласында жануар иесінің жауапкершілікті нақтылау қажеттілігіне назар аударады.

Қазақстан Республикасы құқығының әртүрлі салалары азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық белгілеген жануарларға қатыгездік үшін жауапкершілікті талдады.

Жұмыстың нәтижесінде жүргізілген зерттеу авторларға жануарларды басқару ережелерін және үй жануарлары олармен жұмыс істеу ережелерін бұзған жағдайды реттеу саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша бірқатар ұсыныстар тұжырымдауға мүмкіндік берді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жусипова, Б., Сопыханова, А., & Ыбырай, Н. (2024). Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 148(3), 175–190. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-148-3-175-190

Журналдың саны

Бөлім

Статьи