Қазақтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы билер соты институтының рөлі


Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 29

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-152-3-11-22

Кілт сөздер:

билер соты, сот төрелігі, құқықтық мәдениет, судья, сөйлеу дағдылары, татуласу

Аңдатпа

Мақалада қазақтардың сот төрелігі саласындағы дәстүрлі құқық институтының іс-әрекеті қарастырылады. Қазақ даласында дауларды барынша ешкімге бұра тартпай адал қарап, оң шешуді қамтамасыз етуге арналған дәстүрлі билер сотының сипаты мен мазмұны зерттеледі. Билер сотына қазақ қоғамының моральдық және парасаттылық қағидаттарының басымдығы тән екендігі аталады. Сонымен бірге, қазіргі сот төрелігі жүйесіне билер соты институтының қағидаттарын енгізудің өзектілігін айқындайды. Билер сотының мұрасы қазақстандық қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы және дамытудағы аса маңызды дереккөздер болып табылады. Мақалада Қазақстан халқына ықпал етуі мүмкін билер сотының дауларды қарау және шешу мән-жайларымен қатар, билер сотының түрлі жағдайларда қазақтың дәстүрлі әдет құқығыережелерін жете білуіне, шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруіне негізделген саяси салада реформаларды жүзеге асыру және басқару мәселелері де қарастырылады. Мақалада билер сотының қоғам ұстанатын  парасатттылық және моральдық принциптерге бағыттылығы анықталады. Іс-әрекетке сәйкес қолданылатын жаза мен қабылданатын шешімдер гуманистік тұрғыда жүзеге асырылуы қажет. Еліміздің қазіргі сот жүйесінің қазақ қоғамының ділін, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын, ұлттық мәдени ерекшеліктерін, дауларды шешудің тарихи тәжірибесімен айрықшаланатын билер сотының ерекшеліктерін жоғалтқанын айтуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Балабиев K., Турсынкулова D., & Курманова A. (2025). Қазақтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы билер соты институтының рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 152(3), 11–22. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-152-3-11-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи