Халықаралық жеке құқықтағы танылмаған мемлекеттердің сот шешімдері мен басқа да актілерін тану мәселелері


Қаралымдар: 86 / PDF жүктеулері: 95

Авторлар

  • С.Т. Әбиірбек «М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-138-1-69-77

Аңдатпа

Мақалада халықаралық жеке құқықта танылмаған мемлекеттердің сот шешімдері мен басқа да актілерін тану мәселелері қарастырылады. Проблеманың өзектілігі олардың мәртебесі Халықаралық жария құқыққа сәйкес айқындалмайтындығын ескере отырып, танылмаған мемлекеттердің сот шешімдері мен өзге де актілерін тану мүмкіндіктері туралы болып отыр. Бүгінгі таңда танылмаған мемлекеттердің құқығын қолданумен қатар, олардың сот шешімдерін немесе басқа актілерді тану мәселелері өзекті болып табылады, олар өз табиғаты бойынша құқықтық құжат сипатына ие. Бұл бірлестіктердің мәртебесі Халықаралық жария құқық нормалары тұрғысынан ешқандай шешім таба алмайтындықтан, бұл акторлардың бар екенін және мемлекеттің барлық негізгі белгілері бар екенін жасыруға болмайды. Мемлекет болудың толық құқығын жүзеге асырудағы кедергі әлемдік қоғамдастық тарапынан танылмау болып табылады. Мақала жалпыға бірдей және салыстырмалы құқықтық талдау әдістерді қолданыла отырып қаралатын болады. Олардың көмегімен біз танылмаған мемлекеттердің сот шешімдері мен өзге де актілерін тану мүмкіндігіне жауап аламыз. Қорытындылай келе, сот шешімдерін және танылмаған мемлекеттердің өзге де актілерін тануға қатысты дұрыс бағытты табуға көмектесетін қойылған проблеманы шешу бойынша ұсынымдар жиынтығы ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әбиірбек, С. . (2022). Халықаралық жеке құқықтағы танылмаған мемлекеттердің сот шешімдері мен басқа да актілерін тану мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 138(1), 69–77. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-138-1-69-77

Журналдың саны

Бөлім

Статьи