Халықаралық жеке құқықтағы аннексияланған аумақтар заңдарын қолдану аспектілері
Қаралымдар: 139 / PDF жүктеулері: 123
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-61-69Аңдатпа
Бұл мақалада аннексияланған аумақтар құқығының халықаралық жеке құқықта қолдану аспектілері қарастырылады. Аннексияланған аумақтар заңын қолдану өзектілігі халықаралық жеке құқықтағы танылмаған мемлекеттер заңын қолданудан кем емес. Осы мәселені талдай отырып, аннексияланған аумақтарды танылмаған мемлекеттерден ажырату қажет. Біз білетіндей, танылмаған мемлекеттерде Монтевидео конвенциясына сәйкес барлық көзделген талаптарды қамтыған, бірақ аннексияланған аумақтардың болу шарттары түбегейлі ерекшеленеді, өйткені бұл аумақтар басқа мемлекеттің бақылауында. Халықаралық жария құқық танылмаған халықаралық атағы бар бұл аумақтардың бар екендігін жоққа шығармайды, сонымен қатар танылмаған мемлекеттер мен аннексияланған аумақтардың түпкілікті мәртебесін анықтауға қабілетсіз. Бірақ бұл мақалада аннексияланған аумақтар заңының халықаралық жеке құқықта қолданылуына қатысты сұрақтар туындайды. Бұл мақалада салыстырмалы құқықтық талдау әдісі арқылы халықаралық құқық доктринасы мен сот шешімдеріне баса назар аударылады. Осы мақаланың соңында автор көтерілген мәселелерді шешуге арналған қорытындылар жиынтығын ұсынады.