Қылмыстық жаза, оның мақсаттары жайлы


Қаралымдар: 173 / PDF жүктеулері: 989

Авторлар

  • А.Р. Бижанова Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты
  • Г.Ж. Османова Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты
  • Қ. Тұрлыханқызы Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-139-2-88-99

Аңдатпа

Қылмыстық жазалау мәселелері жылдар бойы қылмыстық істі жүргізу органдары мен пенитенциарлық жүйенің практикалық қызметкерлерін, ғалымдарды ғана емес, жалпы қоғамның назарында болып келеді. Жаза - мемлекеттік қылмыстық саясатты жүргізудің жетекші құралдарының бірі, көп жағдайда қылмыстық заңнамаға жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді. Жазаның көмегімен қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады да. Жаза институтының тиімділігі мен маңыздылығы сол, ол кінәлінің жеке басына, оның іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігіне сай келетін әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді. Осы жағдайда ғана қылмыстық жазаны мәжбүрлеудің құқықтық шарасы ретінде танимыз.
Шын мәнісінде, жазаны қылмыстық заңнамада көзделген мақсатқа сай емес, оны қорқытып-үркіту үшін заң шығару мен құқық қолдану іс-тәжірибесінде қолдану тенденциясының қоғамда кеңінен орын алуы, көпшілікті алаңдатады. Осы тұста автор мақалада жазаның мақсатын негізге ала отырып, қылмыстық жаза жүйесіне қатысты кейбір сұрақтарға тоқталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бижанова, А. ., Османова, Г. ., & Тұрлыханқызы, Қ. . (2022). Қылмыстық жаза, оның мақсаттары жайлы. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 139(2), 88–99. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-139-2-88-99

Журналдың саны

Бөлім

Статьи