Қылмыстық заңнамасы аясында жаза тағайындау
Қаралымдар: 46 / PDF жүктеулері: 8
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-148-3-119-138Кілт сөздер:
жаза, жаза тағайындау, жаза тағайындаудың жалпы негіздері, бас бостандығынан айыру, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар, ауырлататын мән-жайларАңдатпа
Жаза, оны тағайындау мәселесі елімізбен қатар өзге мемлекеттерде де өте өзекті болып саналады. Мұнда сөз қылмыстық заңдағы жазаны тағайындау және қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаларға қолдану барысында мүмкіндігінше қолжеткізілетін оның жағымды әлеуметтік салдары жөнінде болып отыр.
Соңғы жылдары Қазақстанның қылмыстық саясаты онша ауыр емес және орташа қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты жеңілдетіп, ауыр және аса ауыр қылмыстармен күреске басты назар аударуда. Яғни, алғашқысы үшін заңмен белгіленген реттерде қылмыстар үшін қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаның қолданылу негіздері қарастырылып жатса, екіншісі үшін бас бостандығынан айыру жазасының сотталушыларға мүмкіндігінше дұрыс ықпал ету тұстары қарастырылуда.
Жоғарыда айтылғандай, авторлар мақалада, жаза мақсатына қол жеткізу үшін жазаны кінәлі тұлғаға тағайындаудың жалпы негіздеріне тоқтала отырып, жаза түрлерінің қылмыстық нормалардың санкциясында қаншалықты жиі қарастырылатынына баға береді. Сонымен қатар бұл мәселені қолға алудың өзектілігі қылмыстық саясатты ізгілендіру бағытында қылмыстық заңнамаға сәйкес сот тәжірибесінде жаза тағайындағанда жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды қолданудың проблемалық тұстары бар екендігін көрсетеді. Мақалада авторлар жазаны жеңілдететін жағдайларға қатысты ұсыныстар келтіреді.
Зерттеу жұмысының мақсаты құқық қолдану тәжірибесінде жаза тағайындау барысында туындайтын қайшылықтарды анықтау болып табылады. Ғылыми ізденісте формальды-логикалық, тарихи және салыстырмалы әдістер қолданылған.