Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қамаққа алуды жаза ретінде қолданудың кейбір өзекті мәселелері
Қаралымдар: 82 / PDF жүктеулері: 185
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-138-1-113-123Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында қамаққа алу түріндегі жазаны сотталушыларға қолданудың беретін нәтижелері мен басқа да өзекті құқықтық мәселелері ғылыми тұрғыдан зерттелген. 2014 жылдың 3 шілдесінде қабылданған қолданыстағы қылмыстық кодексінде қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамдық қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді делінген. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіндегі қылмыс пен қылмыстық теріс қылық ұғымдарына түсінік беріп, қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қолданылатын қылмыстық жазаның бір түрі «қамаққа алу» жазасына зерттеу жүргізген.
Мақалада көршілес елдер Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамаларында қамаққа алу жазасының қысқаша тарихына және тәжірибеде қалай қолданылатындығы туралы және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасымен салыстырмалы зерттеулер жүргізілген.
Автор ұлттық заңнамаға және кейбір шет мемлекеттердің заңнамасына құқықтық талдау жүргізе отырып, жаза ретінде қамаққа алуды қолданудың ұлттық тетігін жетілдіру бойынша өзінің ғылыми тұжырымдарын жасайды.