Қазақстандағы кибербұзушылықты құқықтық реттеу мәселелері және оларды жою жолдары


Қаралымдар: 158 / PDF жүктеулері: 64

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-205-217

Кілт сөздер:

кибербұзушылық, киберқауіпсіздік, құқықтық реттеу, Қазақстан, Еуропалық Одақ, Қытай, АҚШ, кибершабуыл, халықаралық тәжірибе, ақпараттық қауіпсіздік

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және кибербұзушылықтарды құқықтық реттеу мәселелері халықаралық тәжірибе аясында қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – киберқауіпсіздік саласындағы ұлттық заңнаманың әлсіз тұстарын анықтау, сондай-ақ АҚШ, Еуропалық Одақ және Қытай елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, киберқауіптердің алдын алу бойынша жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады. Зерттеуде соңғы кезде киберқылмыстардың көбеюі мен олардың трансшекаралық сипат алуы қазіргі таңда кешенді және үйлестірілген құқықтық әрекеттердің қажеттілігін көрсететіні атап өтілді. Киберқауіпсіздікті тиімді құқықтық реттеу ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және цифрлық экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін маңызды фактор болып табылады. Ғылыми мақалада GDPR, CFAA, CLOUD Act және Қытайдың «Киберқауіпсіздік туралы» заңы сияқты ірі нормативтік актілер қарастырылып, олардың мазмұны мен қолдану ерекшеліктері сипатталған. Зерттеу әдістемесі ретінде салыстырмалы-құқықтық және нормативтік талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік және жеке мекемелер арасындағы үйлестірудің жеткіліксіздігі, кибероқиғаларға жедел әрекет ету тетіктерінің әлсіздігі сияқты өзекті мәселелер анықталды. Бұған қатысты ұсыныстар қатарында бірыңғай үйлестіру органын құру, халықаралық ынтымақтастықты арттыру секілді нақты қадамдар берілді. Бұл зерттеу Қазақстандағы киберқауіпсіздік саласындағы құқықтық жүйені жетілдіруге айтарлықтай үлес қосады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мұхамеджан A., Ибраева A. ., & Асанова S. . (2026). Қазақстандағы кибербұзушылықты құқықтық реттеу мәселелері және оларды жою жолдары. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 154(1), 205–217. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-205-217

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық. Қылмыстық процесс