Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық-құқықтық жүйелік деликт ретінде қарастыру
Қаралымдар: 125 / PDF жүктеулері: 69
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-183-204Кілт сөздер:
отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, жүйелік деликт, қылмыстық құқық, мәжбүрлі бақылау, Стамбұл конвенциясы, қылмыстық-құқықтық саралауАңдатпа
Бұл мақалада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық-құқықтық жүйелік деликт тұжырымдамасы тұрғысынан кешенді зерттеу нысанына айналдырылған. Дәстүрлі қылмыстық құқық мұндай әрекеттерді жеке, оқшау құқықбұзушылықтар ретінде қарастырады. Алайда бұл тәсіл зорлық-зомбылықтың шынайы табиғатын – жәбірленушіге үстемдік орнатуға бағытталған тұрақты мінез-құлық үлгісін толық ашып бере алмайды.
Зерттеуде оқиғалық тәсілден жүйелікке көшу қажеттігі негізделеді. Мұнда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық біртұтас, ұзақ мерзімді деликт ретінде қарастырылып, оған тән физикалық, психологиялық, экономикалық және жыныстық сипаттағы әрекеттердің жиынтығы ескеріледі.
Қазақстан Республикасы, Ұлыбритания, АҚШ және бірнеше еуропалық елдердің заңнамаларына, сондай-ақ халықаралық стандарттарға (Стамбұл конвенциясы, CEDAW ұсынымдары) жүргізілген салыстырмалы құқықтық талдау негізінде құқықтық реттеудегі негізгі олқылықтар анықталған. Автор тарапынан бұл мәселені жүйелік деликт ретінде жеке қылмыстық құрамға жатқызу бойынша балама модель ұсынылады.
Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы-құқықтық, догматикалық, жүйелі-құрылымдық және статистикалық әдістер құрайды. Алынған нәтижелер отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресте оқиғалық тәсілдің жеткіліксіз екенін, ал жүйелік деликт тұжырымдамасын енгізу жәбірленушілерді қылмыстық-құқықтық қорғаудың толықтығын және әрекеттерге лайықты баға беруді қамтамасыз ететінін көрсетеді, жәбірленушілердің құқықтарын қорғаудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.




