Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамытудың конституциялық-құқықтық аспектілері
Қаралымдар: 150 / PDF жүктеулері: 148
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-18-28Кілт сөздер:
сайлау, партиялар, көппартиялық, плюрализм, демократия, сайлаушыларАңдатпа
Бұл жұмыс зерттеу-сұхбаттасудың эмпирикалық әдісі негізінде құрылған Қазақстандағы алғашқы ғылыми зерттеулердің бірі болып табылады. Мақала авторы 2021 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың желтоқсаны аралығында барлығы 25 сұхбат жүргізді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің ішінде 10 адам қарапайым сайлаушылар, 15 адам – сайлау құқығы саласындағы сарапшылар (оның ішінде ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сайлау комиссияларының мүшелері, судьялар, қоғам қайраткерлері). Мақалада 5 респонденттің сайлау жүйесі саласындағы проблемаларға және оларды шешу жолдарына қатысты пікірлері келтірілген. Зерттеу сайлау процесіне тікелей қатысқан азаматтардың, сондай-ақ сайлаушылардың өз пікірлерін зерттеу мақсатында жүргізілді. Ғылыми әдебиеттер сайлау жүйесін жетілдіру саласындағы зерттеулер осы уақытқа дейін зерттелмегенін көрсетеді (әсіресе эмпирикалық). Сондықтан бұл зерттеудің ғылымға қосқан үлесін арттыратыны сөзсіз. Сонымен қатар, зерттеу барысында мақала авторы Қазақстанның сайлау саласындағы құқықтық актілерін талдады, Польшаның тәжірибесін зерттеді, ҚР сайлау жүйесінің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді шешуде тәжірибенің оң жақтарын қабылдау және мүмкіндігінше мемлекетіміздің жағдайында қолдану мақсатында.