Өткізілген сайлауды ескере отырып, пандемияның Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын жетілдіру мәселелері


Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 113

Авторлар

  • Н.А. Ибраева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-140-3-21-31

Аңдатпа

Мақалада пандемия жағдайында Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылады, өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихаты депутаттарының сайлауына қысқаша сипаттама беріледі. Сайлау саласындағы мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге құқықтық баға беріледі, оның ішінде сайлау рәсімі мәселелері бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 4 желтоқсандағы Қаулысына талдау жүргізілді. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің тікелей сайлануына байланысты енгізілген өзгерістер бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қысқаша талдау жүргізілді. Бұдан басқа, өткізілген сайлау компанияларының қорытындылары бойынша қабылданған Еуропалық Парламенттің қарары және онда көрсетілген ұсынымдар қаралады. Автор басқа шет мемлекеттердің тәжірибесін талдай отырып, сайлау алдындағы үгіт мәселелері бойынша өзінің көзқарасын ұсынады. Мақалада кандидаттар мен саяси партиялардың үгіт жүргізу мәселелері бойынша халықаралық тәжірибенің мысалдары келтіріледі. Жалпы сайлау институтын жетілдіру және бәсекеге қабілетті мемлекет құрудың шарттарының бірі ретінде көппартиялықты дамыту жөнінде қажетті ұсыныстар беріледі. Осыған байланысты, монографиялық зерттеулер мен нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу негізінде пандемия жағдайында сайлау заңнамасын және жалпы сайлау жүйесін жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар ұсынылды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибраева N. . (2022). Өткізілген сайлауды ескере отырып, пандемияның Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын жетілдіру мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 140(3), 21–31. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-140-3-21-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи