Еуропалық Одақ елдеріндегі жоғары білім беруді құқықтық реттеудің кейбір аспектілері Қазақстандағы халықаралық университеттерді интернационалдандыру және дамыту процесінде оң тәжірибе ретінде
Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 174
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-170-181Кілт сөздер:
Құқықтық реттеу, жоғары білім саласындағы заңнама, халықаралық университет, халықаралық шарт, білім сапасы, білім беруді интернационалдандыру, білім беру жүйесін интеграциялау, Еуропалық ОдақАңдатпа
Мақалада Еуропалық Одақтың (ЕО) кейбір елдерінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамасының негіздеріне зерттеу жүргізілді, осы елдердің нормативтік құқықтық актілерді іске асыру жөніндегі құқықтық саясатымен тәжірибесі қаралды, нәтижесінде жалпы ЕО жекелеген елдерінің заңнамасы біртекті және интернационалдандыруға, мәдениет аралық ынтымақтастыққа және жоғары білім беру сапасын арттыруға бағытталған деген қорытынды жасалды. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі университеттердің пайда болуына және оларды интернационалдандыру процестерінің мотивтері университеттің түріне және ол жұмыс істейтін ұлттық жүйеге байланысты өзгереді, өйткені Еуропа елдері экономикалық, аумақтық, мәдени және басқа аспектілері бойынша біркелкі емес болып келеді. Осы себепті кейбір шығыс еуропа елдерінің ЕО-ға кейінірек қосылуын ескере отырып, мемлекеттердің аумақтық және
экономикалық ауқымы бойынша жіктелуін ескере отырып, ЕО елдерінің заңнамасын зерттеу қажет болып көрінді. Мақалада ЕО-ның жоғары білім саласындағы озық елдерінің тәжірибесінің Қазақстан Республикасының қатысуымен халықаралық университеттердің пайда болуымен дамуына
тікелей және жанама әсері көрсетілген. ЕО елдерінің оң тәжірибесімен заңнамалық базасы интернационалдандыру, үш деңгейлі модельге көшу үдерістерін жеделдетті, білім беру сапасын, халықаралық университеттердің білім алушыларымен оқытушыларының мәдениет аралық алмасуымен ұтқырлығын қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастық үрдістерін нығайтты.