Жылжымайтын мүлік құқығын иеленуге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері
Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 162
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-142-1-99-112Кілт сөздер:
жылжымайтын мүлік құқығын иелену, құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік несие жүйесі, мемлекеттік қызметкер, лауазымды тұлға, сыбайлас жемқорлық, шағымдану, саясат, құқықАңдатпа
Авторлармен зерттеліп ұсынылған мақалада жылжымайтын мүлік құқығын иеленуге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері баяндалады. Еңбекте басты назар, меншікті тіркеуге уәкілетті органдардың лауазымдық қызметтеріндегі заңсыздықтарынан туындайтын құқық бұзушылықтарға байланысты проблемалық аспектілерге аударылады. Авторлар қолданыстағы заңнамалардың аталған құқықтарын иелену барысында тұлғаларға қатысты конституциялық құқықтарын шектейтіні туралы қорытынды жасайды. Сондай-ақ, жылжымайтын жүлік иесіне,
пайдаланушысына мүлкіне қатысты қойылған және алынған ауыртпалықтар мен заңды талаптар жайлы үш жұмыс күнінің
ішінде ескертуді тіркеуші органға міндеттеу; мемлекеттік тіркеуді бас тартқан орган қызметкерлерінің шешімдерін жоғарғы тұрған органға не сотқа шағымдану тәртібі енгізу, сондай-ақ тіркеуден бас тартуға негіз болған кемшіліктер жойылған кезінде құжаттарды мемлекеттік тіркеуге қайта тапсыруға рұқсат беретін мүмкіндіктерді қарастыру; тіркеуші органның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту шешімін жоғары тұрған органға не сотқа шағымдану құқығын көрсету және де мақалада мемлекеттік қызметкердің және адамдардың әлеуметтік несие жүйесін енгізу қажеттігі туралы көзқарастар негізделеді.
Қорытындыда жылжымайтын мүлік құқығын иеленуге қатысты отандық құқықтық негізді жетілдіру бойынша ұсынымдар
қалыптастырылды.