Орталық Азия мемлекеттеріндегі азаматтық және саяси құқықтарды қамтамасыз ету және қорғау мәселесі
Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 14
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-148-3-31-54Кілт сөздер:
Орталық Азия, өмір сүру құқығы, сөз бостандығы, дін бостандығы, жиналыстар құқығыАңдатпа
Мақалада Орталық Азия мемлекеттеріндегі азаматтық және саяси құқықтарды қорғау саласындағы негізгі мәселелер қарастырылды. Зерттеу барысында Орталық Азия мемлекеттеріндегі азаматтық және саяси құқықтарды қамтамасыз ету мәселесінің тарихи дамуы мен бүгінгі таңдағы жағдайы қарастырылды. Зерттеу барысында, Біріккен Ұлттар Ұйымының шарттық органдарының шешімдері және зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттер зерттелінді. Зерттеу барысында, зерттеу тақырыбы аясында Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық заңнамасы зерделенді. Зерттеу нәтижесінде, Орталық Азия мемлекеттерінде келесі азаматтық және саяси құқықтар мен бостандықтардың елеулі бұзылуы орын алатындығы анықталды: сөз бостандығы, жиналыстар мен қауымдастықтар бостандығы, ар-ождан және дін бостандығы, әділ сот ісін жүргізу құқығы және азаптауларға және басқа қатыгез іс-әрекеттер мен жаза түрлеріне ұшырамау құқығы. Зерттеу нәтижесінде, Орталық Азия мемлекеттерінде сөз бостандығы және азаптау немесе басқа қатыгез жаза түрлеріне ұшырамау құқығын қорғау мен қамтамсыз ету мақсатында, ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу және азаматтық және саяси құқықтарды қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін қалыптастыру мәселесін қарастыру туралы тұжырым ұсынылды.