Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау жөніндегі заңнамасындағы проблемалар мен сын-қатерлерді талдау және халықаралық-құқықтық реттеу


Қаралымдар: 150 / PDF жүктеулері: 198

Авторлар

  • Ж.Т. Искакова
  • Т.С. Қадыржанова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-48-60

Аңдатпа

Авторлар Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қатынастардың түрлі салаларында заңи маңызы бар іс-әрекеттер жүргізу мақсатында жеке және заңды тұлғаларды идентификациялау мен аутентификациялаудың нормативті қорғалу деңгейін зерделеу, айқындау мақсатында халықаралық-құқықтық және ұлттық-құқықтық реттеуге талдау жүргізеді.
Авторлар белгілі бір тұжырымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға тырысты. Бір жағынан, осы тұжырымдалған ұсынымдар мемлекетке азаматтар мен заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық өзара іс-қимыл саласындағы сенім деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, дәл осындай ұсыныстар ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардың биометриялық дерекқорларының таралып кетуімен байланысты тәуекелдерді азайтады, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың биометриялық дербес деректерінің құпиялылығын сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ, ұсынымдар электрондық сервистердің көмегімен жүзеге асырылатын жария-құқықтық және жеке-құқықтық қатынастар саласындағы тиімділікті арттыруға бағытталған.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Искакова Z. ., & Қадыржанова T. . (2022). Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау жөніндегі заңнамасындағы проблемалар мен сын-қатерлерді талдау және халықаралық-құқықтық реттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 141(4), 48–60. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-48-60

Журналдың саны

Бөлім

Статьи