ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы визуалды деректеріндегі қазақ отбасы құқығындағы «кеңестік» мәдени кодының қалыптасуының көрінісі
Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 123
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-9-25Кілт сөздер:
Отбасы институты, отбасы құқығы, нормалар, заңдар, отбасы тарихы, визуалды бейнелер, дәстүр, модернизмАңдатпа
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ отбасы құқығының тарихына арналған. Нақтырақ айтатын болсақ, қазақ тарихындағы өтпелі заман кезеңіндегі отбасы институтына арнайы шығарылған кеңес үкіметінің
алғашқы декреттерінің отбасы институтына ықпалы жайлы сөз етіледі. Қазақ қоғамындағы большевиктерге дейін отбасы қатынастарын реттейтін заңдардың жойылуы. Отбасы институтын қадағалайтын кеңестік заңдардың отбасы мүшелеріне деген әсері. Отбасы ұйытқысы - әйел адамның өміріндегі өзгерістер.
Полигамды отбасылардың жойылуы. Әйел адамның эмансипациясы. «Бостандық» алған әйелдің өміріндегі жаңа құбылыстар. Үй шаруашылығынан бөлек
пайда болған жаңа міндеттер мен қызметтер. Қала әйелі мен ауыл әйелі өміріндегі айырмашылықтар. Мақала барысында жоғарыда айтылған мәселелердің
визуалды деректердегі көрінісіне талдау жасалды.
Зерттеу барысында қарастырылған визуалды деректер негізінде қазақ отбасының көрсетілген уақыт кезінде дәстүр мен модеринизм элеметтеріне талдау,
өзгеру динамикасын анықтау, отбасының өзара бірлігі, мүшелерінің қатынасына, гендерлік аспектісіне, отбасының мәселен фотоға түсу үрдісі, мәдениеті. Визуалды деректер негізінде отбасын қоршаған материалдық болмысына сипаттама жасау арқылы кеңестік мәдени кодын анықтауға қадам жасалды. ХХ ғасыр басында Қазақстандағы тарихи, саяси жағдай мен олардың отбасы ұғымына
әсер етуінің визуалды деректеріндегі репрезенциясын анықтауға қадам жасалды. Мақала дайындау кезінде Қазақстан тарихының ХХ ғасыр басындағы тарихы
отбасы тарихы арқылы, отбасының визуалды репрезенциясы негізінде, қоғамның негізігі ұяшығы отбасының тыныс тіршілігінің болмысы арқылы көрсетуге
тырыстық. Отбасылық тарихы бойынша визуалды деректермен жұмыс жасау барысында өңірлік, жергілікті, өлкелік әдістер қолдана отырып қарастырылды.