Сот практикасы және оның Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын дамытудағы рөлі


Қаралымдар: 161 / PDF жүктеулері: 206

Авторлар

  • Е.Б. Әбдірасұлов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г.С. Рысжанова Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті
  • А.Б. Сактаганова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-51-62

Кілт сөздер:

сот практикасы, құқықтық қағидалар, құқық ұқсастығы (аналогия), құқықты түсіндіру, сот шешімі, кәсіби құқықтық сана, ұлттық заңнама

Аңдатпа

Сот практикасы тақырыбының теориялық және практикалық маңыздылығы оның ұлттық заңнама нормаларын дамыту мен жетілдірудегі рөлінің артуымен анықталады. Билікті бөлу жүйесінде сот билігі  жаңа құқықтық нұсқамалар жасаудан әдеттегідей бас тартады, тек сот төрелігін жүзеге асыру процесінде құқық нормаларын қолдануды ғана қамтамасыз етіп отыруда. Сонымен қатар билікті бөлу жүйесі тек тежемелік әрі тепе-теңдік механизмдерін  ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік биліктің әртүрлі тармақтарының өзара әрекеттесу әдістерін де қамтиды. Мұндай жұмыс процесінде заңнама нормаларын дамыту мен жетілдіруге сот жүйесінің қатысуы мүмкін және қажет.

Заңдар нормаларын нақтылау және егжей-тегжейлеу қазіргі таңда ҚР Конституциясында қолданыстағы құқық ретінде белгіленген ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының қабылдануы аясында жүзеге асырылады.

Алайда сот билігі ұлттық құқық нормалары жүйесін тікелей заң шығару процесінде ғана дамытпайды. Сот практикасы жалпы тұрғыда сот органдарының қызметі процесінде қалыптасатын сот актілерінің жиынтығын құрайды, олардың ҚР Жоғарғы Сотының Сот алқаларымен қорытылуы құқықтың қосалқы көзі ретінде әрекет етеді, яғни қолданыстағы заңнамадағы олқылықтардың орнын толтыруда құқықтық реттеу механизмін жақсартуға қатысты ұсыныстар беріп,  сол арқылы оның дамуы мен жетілдірілуін қамтамасыз етіп отырады.

Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі таңда сот практикасын зерттеудегі маңызды бағыт - соттың құқық шығару шектері қаншалықты кеңейіп жатқандығы, оның құқықты түсіндірумен, судьяның құқықтық санасымен, заң мен құқықты аналогия бойынша қолданумен байланысы қандай екендігі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан түсіну, бұл сот практикасының ережелерімен ұштасады.

Мақалада бұл мәселелер сот шешімдері мен олардың қорытындыларын талдаумен зерттеледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әбдірасұлов, Е., Рысжанова, Г., & Сактаганова, А. (2023). Сот практикасы және оның Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын дамытудағы рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 144(3), 51–62. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-51-62

Журналдың саны

Бөлім

Статьи