Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасындағы өзекті өзгерістер және оны қолдану практикасы
Қаралымдар: 128 / PDF жүктеулері: 319
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-70-88Аңдатпа
Қазақстанда зияткерлік меншік құқығы дамуда, бұған 2022 жылы Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) 2022 жылғы 20 маусымдағы № 128-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» өзгерістер мен толықтырулар Заңы дәлел бола алады. Аталған нормативтік құқықтық акт зияткерлік меншік саласын реттейтін негізгі заңнамалық актілерге жаңа ережелер енгізді: ҚР Азаматтық кодексі, ҚР 1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы, ҚР 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» заңы, 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Патент заңы», ҚР 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңы, ҚР 2001 жылғы 29 маусымдағы «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» заңы.
ҚР Азаматтық кодексінің 56-тарауының (1034-1037-бабы) 3-параграфының нормалары географиялық нұсқау сияқты даралау құралымен толықтырылды.
ҚР АК 999-бабы 1-тармағының 3-тармақшаларында, ҚР Патент заңының 5-бабы 3-тармағында өнеркәсіптік үлгіге патенттің бастапқы қолданылу мерзімі 15 жылдан 10 жылға дейін қысқартылды, бірақ бұл ретте өнеркәсіптік үлгіге патенттің жалпы
қолданылу мерзімі 20 жылдан 25 жылға дейін ұлғайтылды.
Алғаш рет ҚР Патент заңында тұжырымдама регламенттеліп, тіркелмеген өнеркәсіптік үлгіге құқықтық қорғау берілді.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге сапалық жағынан өзгеше тәсіл қолданылды. «Селекциялық жетістіктер туралы» ҚРЗ 3-1-бабында, ҚР Патент заңының 4-бабында, «Тауар белгілері туралы» 3-бабында, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚРЗ 4-бабында патенттік сенім білдірілген өкілдерге қатысты уәкілетті органның функциясы толықтырылды, атап айтқанда: патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізіліміндегі мәліметтерді жою.