Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ИДРХО) төрелігіндегі юрисдикцияға байланысты мәселелері
Қаралымдар: 128 / PDF жүктеулері: 213
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-97-104Аңдатпа
ИДРХО-ның юрисдикциясына байланысты мәселелері өте өзекті және төрелік ескертпені жасау кезінде жіберілген қателер Орталықтың құзыретін жоюы мүмкін. Туындайтын дауларды шешу үшін форум ретінде ИДРХО-ны айқындайтын құжатты жасау кезінде құжаттың Конвенция және халықаралық құқық талаптарына сәйкестігін мұқият тексеру қажет. Негізгі критерийлерден ауытқу инвестицияларды қабылдайтын мемлекеттің Орталықтың юрисдикциясы жоқ екендігіне сілтеме жасауына әкелуі мүмкін. Осы бапта инвестициялық дауларды қарау кезінде ИДРХО-ның юрисдикциясына байланысты мәселелер, сондай-ақ юрисдикция шарттарын сақтамау ИДРХО шеңберінде инвестицияларды қорғау құқығын іске асыруға қалай әсер етуі мүмкін деген мәселелер егжей-тегжейлі қаралатын болады.