Қазақстан Республикасының сот жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері


Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 8

Авторлар

  • Жадыра Шукенова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Айнұр Касымжанова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті https://orcid.org/0000-0002-6698-1273
  • Ақерке Бектұрғанова Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот

Кілт сөздер:

сот жүйесі, адам құқықтары, әділеттілік, сот төрелігі,, судьялардың көмекшілері институты, судьялардың мамандануы, татуластыру рәсімдері,, әкімшілік процесс

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы сот жүйесін жетілдіруге қатысты кейбір мәселелер қарастырылады. Адам құқықтарын қорғау тетігінде сот билігі ерекше орын алатыны аталады. Сот жүйесі үшін әділеттілік санатының мәні қарастырылған және қолданыстағы заңнаманың нормалары талданып, «судьялардың бейтараптығы» деген термин әділдікті білдіреді деген қорытынды жасалды.

Егер сот біржақты болса, сот төрелігі мүмкін емес, сәйкесінше сот төрелігінің біржақты болуы әділетсіз шешімдерді тудырады және азаматтардың жалпы мемлекетке деген сенімінің төмендеуіне әкеледі.

Сондай-ақ, мақалада судьялардың жүктемесінің жоғарылығы мәселесі қарастырылып, судьялардың көмекшілері институтын енгізу ұсынылады. Судьялардың көмекшілері институты жұмыс істейтін шет елдердің құқықтық тәжірибесі талданады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, судьялардың көмекшілері сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді.

Сот ісін жүргізудің әкімшілік нысанына, сондай-ақ жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің ережелеріне талдау жүргізілді.

Мақаланың қорытындысында сот жүйесі тұрақты және консервативті болу қажеттігі, сонымен қатар бірыңғай сот практикасының құрылуына қатысты қорытынды жасалды.

Автор өмірбаяны

Ақерке Бектұрғанова, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, Астана, Қазақстан.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шукенова Z., Касымжанова, А., & Бектұрғанова A. (2024). Қазақстан Республикасының сот жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 146(1). Retrieved from https://bullaw.enu.kz/index.php/main/article/view/335

Журналдың саны

Бөлім

Статьи