Қазақстандағы есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу барысында ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл шараларын қолдануы


Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 55

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-142-151

Кілт сөздер:

ақшаны жылыстату, есірткінің заңсыз айналымы, қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңсыз кірістерді заңдастыру, жедел-іздестіру шаралары, көлеңкелі экономика, есірткі трафигі

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына тікелей байланысты қылмыстарды тергеу кезінде ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру бойынша өзекті мәселелер зерттеледі. Автор есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және одан әрі тергеу жөніндегі ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілерді қарастырып, оған қоса оны өткізу мен кейіннен ақша құралдарын жылыстатудың криминалистикалық сипаттамасын келтіреді. Есірткінің заңсыз айналымын және ақшаны жылыстатудың жолын кесуге бағытталған құқыққорғау органдары мен халықаралық ұйымдардың тәжірибесі зерттеледі. Жүргізілген талдау негізінде автор қылмыстық кірістерді заңдастыру кезінде ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар әзірлеу қажеттілігі туралы қорытынды жасайды. Эгмонт тобының бейресми ұйымының қызметіне соңғы жылдардағы есірткінің заңсыз айналымынан ақшаны жылыстату бойынша ақпаратына зерттеу жүргізіледі. Зерттеудің мақсаты ретінде есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарға статистикалық мәлімет пен эмпирикалық материалдарды зерттеу арқылы ақшаны жылыстатуға қарсы тиімді шараларды анықтау табылады. Осы мәселені зерттеу кезінде әртүрлі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды, бұл мақала тақырыбының жекелеген ережелерін объективті және жан-жақты ашуға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде автор көлеңкелі экономикадағы ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл шараларды ұсынып қорытындыны келтіреді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Даурембеков, Е. (2024). Қазақстандағы есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу барысында ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл шараларын қолдануы. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 147(2), 142–151. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-142-151

Журналдың саны

Бөлім

Статьи