ЕАЭО шеңберінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау тетіктері
Қаралымдар: 84 / PDF жүктеулері: 148
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-138-1-89-100Аңдатпа
Мақалада Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғаудың түрлі аспектілері қарастырылады. Мүше мемлекеттер өздерінің зияткерлік меншік құқықтарын пайдалану үшін және осы бағыттағы құқықтық реттеу тетіктерін жүзеге асыру мақсатында өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері анықталған. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жүргізген жұмыстардың нәтижелерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік саласындағы ортақ міндеттері мен жетістіктері де айқындалады. Ғылыми мақаланың мақсаты – ЕАЭО шеңберінде зияткерлік меншік құқығы объектілерін қорғауды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды, сондай-ақ ЕАЭО-да қолдануға болатын құқықтық тетіктерді жан-жақты ғылыми зерттеу арқылы құқықтық мәселелер мен шешімдерді айқындау болып табылады. Осы мақаланың ғылыми тәжірибелік құндылығы – алғаш рет ЕАЭО аясындағы зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жаңа заңнамалық тетіктердің тәжірибесін көрсету болып табылады. Салыстырмалы құқықтық әдісті қолдану арқылы ЕАЭО қолдануға болатын тәжірибелер анықталды. ЕАЭО-дағы зияткерлік меншікті қорғау тетігінің құрылуы мен осы салаға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссиясының атқаратын қызметі анықталды. ЕАЭО тәжірибесін басшылыққа ала отырып, зияткерлік меншік объектілерін қорғау құқықтарын реттеудің тиімді жолдары қарастырылды.