Жануарларға жауапты қарауды мемлекеттік тетіктер арқылы қамтамасыз етудің ұлттық тәсілдері


Қаралымдар: 167 / PDF жүктеулері: 64

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-68-82

Кілт сөздер:

жануарлар, жануарларға жауапты қарау, құқықтық тетік, мемлекеттік реттеу, мемлекеттік басқару, жануарлардың құқықсубъектілігі, Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жануарларға жауапты қарауды қамтамасыз етудің мемлекеттік тетігі қарастырылады. Ерекше назар 2021 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған «Жануарларға жауапты қарау туралы» ҚР Заңына аударылып, ол жаңа құқықтық институтты қалыптастырудың бастауы болғаны айтылады. Авторлар «мемлекеттік реттеу» және «мемлекеттік басқару» ұғымдарының теориялық-құқықтық табиғатын қарастырып, олардың ерекшеліктері мен жануарларды қорғау саласындағы шектелуін ашады.

Ғылыми жұмыста механизмнің негізгі функциялары жүйеленген: ақпарат жинау және талдау, мемлекеттік есеп пен кадастр жүргізу, стратегиялық бағыттарды әзірлеу, органдардың қызметін үйлестіру, нормашығармашылық, ресурстарды бөлу, бақылау мен қадағалау, сондай-ақ ағартушылық қызмет. Құқықтық реттеудің тиімділігі көбіне мемлекеттік органдардың келісілген өзара іс-қимылына және функциялардың заңнамалық тұрғыдан толық бекітілуіне байланысты екені атап өтіледі. Заңды мемлекеттік бақылау мен азаматтарды тәрбиелеуге қатысты нормалармен толықтыру қажеттілігі дәлелденген, өйткені тек әкімшілік-құқықтық және білім беру шараларын ұштастырған кешенді тәсіл ғана жануарларға ізгілікпен қарау мәдениетін орнықты қалыптастыра алады. Авторлар бұл саладағы заңнаманы одан әрі дамыту экологиялық құқық жүйесін нығайтудың және қазіргі қоғамдағы гуманизм қағидаттарын іске асырудың қажетті шарты деген қорытындыға келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мукашева A. ., Нарзуллаев O. ., & Нурекешов T. . (2026). Жануарларға жауапты қарауды мемлекеттік тетіктер арқылы қамтамасыз етудің ұлттық тәсілдері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 154(1), 68–82. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-68-82

Журналдың саны

Бөлім

Әкімшілік құқық. Қаржы құқығы

Most read articles by the same author(s)