Конституциялық бақылау органы қылмыстық-процестік заңнаманы конституцияландыру субъектісі ретінде


Қаралымдар: 88 / PDF жүктеулері: 94

Авторлар

  • А.Д. Рахметулин ҚР Жоғарғы Соты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-71-79

Кілт сөздер:

Конституция, қылмыстық сот ісін жүргізуді конституцияландыру, қылмыстық-процестік заңнама, Конституциялық Сот, ҚР Конституциялық Сотының нормативтік қаулылары, Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдары

Аңдатпа

Конституциялық идеялар мен принциптердің құқықтық регламенттеу жүйесіне, сонымен бірге қылмыстық процестің сотқа дейінгі және сот барысы кезеңдерін реттеуге қатысты өсіп келе жатқан әсері қазіргі мемлекеттерде құқықтық жүйені конституцияландыру тұжырымдамасы мен практикасының пайда болуы мен дамуына елеулі әсер етті. Дәл осындай үрдіс қылмыстық сот ісін жүргізу саласында да байқалды, өйткені ол, біріншіден, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен сақтау жүйесін жетілдіру қажеттілігімен объективті түрде байланысты болғандықтан.

Екіншіден, мұндай үрдістің орын алу себебі, қылмыстық процесс саласына тартылатын қылмыстық сот ісін жүргізу субъектілері бір жағынан конституциялық нормалар мен ережелерде белгіленген құқықтармен қорғалса, екінші жағынан, бұл құқықтар заңда көзделген жағдайларда шектелуі мүмкін.

Бұл мәселенің тепе-теңдігін анықтау құқық қорғау органдарымен құқық қолдану процесінде қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, қылмыстық-процестік заңнама нормаларының конституциялығына күмән туындайтын жағдайлар туындаған кезде, құқық туралы даудағы соңғы сөз ҚР Конституциялық Сотында болады, ол нормативтік қаулылар қабылдау арқылы конституциялық заңдылық шегін кеңейтеді.

Осы тұрғыда мақалада қылмыстық сот ісін жүргізу нормаларын конституцияландырудың негізгі субъектілерінің бірі ретінде ҚР Конституциялық сотының қызметі талданады. Мақала авторы конституциялық бақылау органының жұмысын қылмыстық-процестік құқықты конституцияландырудың маңызды көзі болып табылатын оның нормативтік қаулыларының мазмұны арқылы қарастырады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рахметулин, А. (2023). Конституциялық бақылау органы қылмыстық-процестік заңнаманы конституцияландыру субъектісі ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 144(3), 71–79. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-71-79

Журналдың саны

Бөлім

Статьи