Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт: мәселелер мен перспективалар


Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 183

Авторлар

  • Д.Д. Айтмағанбетов
  • С.Ж. Айдарбаев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-34-47

Аңдатпа

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен екіжақты келісімдер жасасу арқылы қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық-құқықтық базаны қалыптастыру Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрестегі қызметінің басым бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара құқықтық көмек туралы
шартқа қол қою Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысының қисынды жалғасы болып табылады.
Бұл мақалада авторлар қол қойылған шарттың процедуралық және құқықтық нормаларын егжей-тегжейлі қарастыруға тырысты, себебі шарт ратификацияланғаннан бері алты жылға жуық уақыт өтсе де, тараптар осы құжатқа негізделген өзара әрекеттесудің маңызды жетістіктерін көрсете алмады.
Мақалада Қазақстанның халықаралық-құқықтық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуының кейбір тарихи және нақты аспектілері, оның ХХІ ғасырдағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл стратегиясы баяндалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айтмағанбетов D. ., & Айдарбаев S. . (2022). Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт: мәселелер мен перспективалар. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 141(4), 34–47. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-34-47

Журналдың саны

Бөлім

Статьи